$ 489.06  536.21  5.05

Сиднейде көк туымызды тағы бір желбіреткім келеді – Жәнібек Әлімханұлы

Отандасымыз қарсыласын жеңетініне сенімді екенін айтты.

Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

Орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) чемпиондық атағын қорғау үшін Сидней (Австралия) қаласына келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында Жәнібек қазақ боксшыларының Сиднейде атой салған жарқын сәттерін еске алды.

- Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында екі қазақ боксшысы алтын жеңіп алды. Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрагимов талай қазақты шабыттандырды. Мен де солар сияқты елімнің абыройын асқақтатуды армандап өстім. Сиднейде бокстасатыныма өте қуаныштымын. Мен 2000 жылғы Олимпиада чемпиондары сияқты Сиднейде өз туымды әлемге тағы бір рет көрсеткім келеді, - деді қазақ боксшысы.

Отандасымыз қарсыласын жеңетініне сенімді екенін айтты.

- Андреймен жекпе-жек мен үшін өте маңызды. Өйткені ол менің атағыма ресми үміткер. Ол қазір мен үшін бұлт сияқты. Күнді көру үшін тез бұлттан құтылуым керек. Оның мен үшін оңай жұмыс екенін бәрі біледі және түсінеді. Мен оны тез нокаутқа түсіремін, - деді Жәнібек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары