03.10.2024, 15:20

Қазақстандық желаяқ қыз Франциядағы жартылай марафонда топ жарды

Фото: olympic.kz

Дэйзи Джепкемей белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді. 

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Дэйзи Джепкемей Францияның Бельфор қаласында өтіп жатқан жартылай марафонның жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дэйзи Джепкемей белгіленген межені 1 минут 07:54 секундта жүгіріп өтіп, бірінші болып келді. Екінші орынды Угандадан келген Аннет Челангат алды. Оның нәтижесі – 01:09:58. Эфиопиялық Меселу Кахсай қола жүлдеге ие болды (01:10:18).

Дэйзи Джепкемей жазда өткен Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты. 3000 метрге кедергілермен жүгіруден финалдық кезеңге шыға алмады, ал 10 000 метрге жүгіруде 17-ші болып келген еді.