$ 486.44  534.31  5.06

Сыйға келген көліктерін сатқан Назым Қызайбайға тағы көлік берілді (ВИДЕО)

Спортшының сыйлықты қалай пайдаланатыны әзірге белгісіз.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Бокстан Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай екі көлігін сатып жіберсе де, тағы көлік иесі атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға бұған дейін үш көлік берілді. Спортшы оның екеуін, яғни Zeekr мен Mini Cooper-ді сатуға бел буды. Себебі қыз ақшаға мұқтаж екен.

Дегенмен жуырда ғана Алматы қалалық бокс федерациясы Назым Қызайбайды жазғы Олимпиадада қола жүлде алуымен құттықтап, тағы бір көлік сыйлады.

Спортшының сыйлықты қалай пайдаланатыны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары