$ 486.44  534.31  5.06

Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Спортшы биыл желтоқсан айында чемпиондық атағы үшін күресуі мүмкін. 

Фото: Sean M. Haffey/Getty Images
Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) Dar Pro Team командасы Instagram-дағы ресми аккаунтында спортшының чемпиондық жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта «Номад» жартылай орта салмақ дәрежесінде (77 килограммға дейін) ұйымның үздік жауынгерлері рейтингінде үшінші орында тұр.

Рахмоновтың үстінде белбеудің бұрынғы иелері Леон Эдвардс пен Камару Усман ғана тұр. UFC-дің қазіргі чемпионы – Белал Мұхаммед, ол бұған дейін октагонды Шавкатпен бөлісуге дайын екенін білдірді.

Dar Pro Team журналист Марсель Дорфтың ақпаратына сілтеме жасай отырып, қазақстандық спортшы биыл желтоқсан айында чемпиондық атағы үшін күресуі мүмкін деп мәлімдеді.

Алайда команда сонымен бірге Мұхаммед пен Рахмоновтың жаздан бері бір-бірін жекпе-жекке шақырғанын, бірақ екі жақтың менеджерлері әлі келіссөз жүргізбегенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары