$ 489.06  536.21  5.05

«Ақша үшін бокстасса ол спортшы емес»: Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырып, кез келгеніне қарсы жұдырықтасуға дайын екенін айтты. 

Фото: Steve Marcus/Getty Images
Фото: Steve Marcus/Getty Images

Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарға арнап желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Кез келген жерде, кез келген боксшымен жұдырықтасуға біз әрқашан дайын болғанбыз, қазір де дайынбыз. Қазақ стилін тарихқа қашап жазамыз бұйыртса! Мен үшін үлкен жекпе-жектер тек чемпиондық жекпе-жек. Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпиондар емес! Ал ақша үшін бокстасса ол спортшы емес, бизнесмен. Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін. Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізіп жатыр. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз.

Бұйырса келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз. Маған сенім артып, жанкүйерлік жасап жүрген барша ағайынға көп рақмет. Екі титул қолда, екеуі жолда! Құдай қаласа ертелі кеш 4 титулды елге алып келемін”, – деді Әлімханұлы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары