2 cағат 30 минутқа созылған ойын үш сетке жалғасты.
Теннисші Юлия Путинцева Уханьда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы теннис турнирінің үшінші айналымына шықты. 1/16 финалда ол әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичті жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
2 cағат 30 минутқа созылған ойын үш сетке жалғасты. Бірінші кезеңде қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласы қарымта қайтарды (3:6). Шешуші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкоменжолығады. Ол бүгін чехиялық Катерина Синякованы жарыс жолынан шығарды.