09.10.2024, 15:40

Қазақстандық теннисші Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңіп кетті

Фото: olimpbet arena

2 cағат 30 минутқа созылған ойын үш сетке жалғасты.

Теннисші Юлия Путинцева Уханьда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы теннис турнирінің үшінші айналымына шықты. 1/16 финалда ол әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичті жарыс жолынан шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

2 cағат 30 минутқа созылған ойын үш сетке жалғасты. Бірінші кезеңде қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласы қарымта қайтарды (3:6). Шешуші сетте қазақстандық теннисші 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенкоменжолығады. Ол бүгін чехиялық Катерина Синякованы жарыс жолынан шығарды.