$ 494.87  520.65  4.91

«Қарсыласымыз допқа көбірек иелік етуі мүмкін»: Черчесов Аустриямен өтетін ойын туралы пікір білдірді

Тек қорғаныспен шектелу – біздің ойнау стилімізге жат нәрсе.

Фото: kff.kz
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов УЕФА Ұлттар лигасы аясында Аустриямен өтетін ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың айтуынша, команда тек қорғанысқа сүйенбеуі тиіс.

"Біздің допқа иелік еткеніміз өте жақсы, әрине. Бірақ футбол екі кезеңнен тұрады: доп сенде болуы мүмкін және доп қарсыласта болуы мүмкін. Осы сәттерді тиімді пайдалана білу керек. Ертең қарсыласымыз допқа көбірек иелік етуі мүмкін, бірақ біз өз ойынымызды құрып, қақпа алдындағы қауіпті сәттерді азайтып, шабуылды күшейтуіміз қажет. Біздің философиямыз тек қорғанысқа емес, шабуылға да негізделген. Тек қорғаныспен шектелу – біздің ойнау стилімізге жат нәрсе", - деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, УЕФА Ұлттар лигасының 3-туры аясында кездесетін Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын бүгін, 10 қазанда Астана уақыты бойынша 23:45-те басталады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары