$ 489.06  536.21  5.05

Қазақстандық гимнастшылар Венгриядағы турнирде екі алтын жүлде жеңіп алды

Шақыру кубогінде бірінші орынды Дарья Ясинская (13.166 ұпай) және Асан Салимов (14.300 ұпай) жеңіп алды.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық гимнастар Венгриядағы Шақыру кубогында екі алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасы Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен Шақыру кубогі кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Біздің спортшылар турнирде екі "алтын" алып, көзге түсті. Спортшылар қол тіреп секіруден жүлделі орындарға ие болған. Шақыру кубогінде бірінші орынды Дарья Ясинская (13.166 ұпай) және Асан Салимов (14.300 ұпай) жеңіп алды.

Айта кетейік, Париждегі жазғы олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов күміс жүлдегер атанған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары