$ 487.37  532.94  5.09

Мағжан Шамшадин Grand Slam турнирінде жартылай финалға шықты

Келесі жекпе-жекте ол франциялық Седрик Риволмен белдеседі.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадин Абу-Дабидегі (БАӘ) Grand Slam турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жартылай финалға жолдама үшін күресте 60 келіге дейінгі салмақта ол өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа қарсы тұрды.

Шамшадин қарсыласын таза жеңіп, жартылай финалға шықты. Келесі жекпе-жекте ол франциялық Седрик Риволмен белдеседі.

Айта кетелік, осы салмақтағы Дәурен Суюкенов ширек финалда Изнауру Сааевтан жеңілді (Ресей). Ол да Әбиба Әбужақынова секілді жұбаныш раундында бағын сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары