12.10.2024, 18:30

Қазақстанның бірінші ракеткасы Қытайдағы турнирдің жартылай финалына шықты

Фото: olympic.kz

Жартылай финалда Данилина мен Хромачева Екатерина Александрова (Ресей) мен Катерина Синяковамен (Чехия) кездеседі.

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің жұптық сайысында жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Олар ширек финалда канадалық Габриэла Дабровски мен жаңазеландиялық Эрин Рутлиффті 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

Матч 1 сағат 18 минутқа созылды. Ойын кезінде Данилина мен Хромачева жұбы 3 эйс жасап, қос қатесіз ойнаса, қарсыластар 5 қос қате жіберіп, 3 эйс жасады.

Жартылай финалда Данилина мен Хромачева Екатерина Александрова (Ресей) мен Катерина Синяковамен (Чехия) кездеседі.