Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңілді.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарынан үшінші матчта жеңілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгін УЕФА Ұлттар лигасы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениямен кездесті.
Алматыдағы Орталық стадионда өткен матчта Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен жеңілді.
Матчтағы жалғыз голды Словения құрамасының ойыншысы Ян Млакар (55-минут) соқты.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен (0:0). Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңілді (0:3).