Шавкат өтірік чемпион болып жүрген Белалды жеңеді.
UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия Белал Мухаммадты өтірік чемпион деп атап, Шавкаттың жеңіске жететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ұлты грузин испаниялық файтер Илия Топурия Шавкат Рахмонов мен Белал Мұхамед арасындағы титулық айқаста отандасымыздың жеңіске жететінін айтты.
"Шавкат өтірік чемпион болып жүрген Белалды жеңеді. Белал нағыз чемпион емес. Сосын жартылай орта салмақта титулды Камару Усман өзіне қайтарып алады. Бұл Усман үшін оңай дүние, - деді Илия Топурия.
Айта кетейік, UFC президенті Дана Уайт отандасымыз Шавкат Рахмонов (18-0) пен промоушеннің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадтің (24-3) 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін кеште жұдырықтасатынын айтқан еді.