Қазіргі уақытта Матеус Николау UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрса, Асу Алмабаев 14-орынға орналасқан.
UFC қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық жауынгер Асу Алмабаев (20-2) 19 қазанда Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 245 турнирінде бразилиялық спортшы Матеус Николауға (19-4-1) қарсы кездесу өткізеді.
"UFC-де 3 жекпе-жек өткізіп, 3 жеңіске жетіп және қарсыластарға ешқандай мүмкіндік қалдырмады! Алдағы демалыс күндері Асу Алмабаев ең жеңіл салмақтағы үздік 10 спортшының қатарына кіруі мүмкін", - делінген UFC Eurasia-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Матеус Николау UFC-дің ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 7-орында тұрса, Асу Алмабаев 14-орынға орналасқан. Бұл салмақ дәрежесінде бразилиялық Александр Пантожа көш бастап келеді. Рейтингте 14-орында тұрған Асу Алмабаев соңғы рет октагонға биылғы жылдың маусым айында UFC on ESPN 58 турнирінде шыққан болатын, онда Хосе Джонсонды (20-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген.
Ал рейтингте 7-орында тұрған Матеус Николау соңғы жекпе-жегін биылғы жылдың сәуір айында UFC on ESPN 55 турнирінде өткізді, онда Алекс Перезге қарсы шығып, екінші раундта нокаутқа түсіп жеңілді. Николау мансабында 19 жеңіске жетіп, 4 жеңіліске ұшырап, 1 тең нәтижеге қол жеткізген.