$ 487.24  529.34  5.02

«Күшін тиімді пайдаланады»: Танымал сарапшы Шавкат туралы пікір білдірді

Ол Белалдың алдыңғы қарсыластары жасай алмаған нәрсені жасайды.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

THE MMA GURU YouTube арнасының танымал жүргізушісі Мэнсон қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы Белал Мұхаммедтен басымдығын айтты, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Tengri Sport сайтына сілтеме жасап. 

Аралас жекпе-жекке арналған арна жүргізушісі Шавкаттың шеберлігіне күмән келтірмейді. Отандасымыз Белалға қарсы жекпе-жекте бойының ұзындығы мен бетпе-бет шайқастағы жұдырықтасуын сәтті пайдаланады деп санайды. 

"Белалдың бойы аласа болғандықтан, Шавкат клинчте өзінің күшін тиімді пайдаланады, қарсыласының денесі мен басына тізе соққыларын жасап, жақын қашықтықта шынтақпен шабуылдайды. Ол Белалдың алдыңғы қарсыластары жасай алмаған нәрсені жасайды. Шавкат оны жақын да, алыс та қашықтықта ұра алады," - деп мәлімдеді Мэнсон өзінің подкастында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары