$ 488.91  532.62  5

«Оп-оңай жеңемін»: Шавкат Рахмоновтың қарсыласы сенімді сөйледі

Мен Шавкатты он орап өтемін.

Фото: Chris Unger/Zuffa LLC
Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммад (24-3) қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен (18-0) болатын титулдық жекпе-жек алдында өзіне қарсы сын айтқан хейтерлерге жауап берді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белал Мухамад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты оп-оңай жеңетінін айтты. Бұл туралы ол YouTube желісіндегі "Anik & Florian Podcast" арнасына берген сұқбатында айтты.

"Мен Шавкатты он орап өтемін. Мен октагонға шыққанда, оны оңай жеңу үшін бәрін жасаймын. Сол кезде қазір сынап жатқан адамдар маған қарсы ештеңе айта алмай қалады. Мен оны оп-оңай жеңемін, оны сындырмын, оны жоқ қыламын", - деді Белал Мухаммад.

Айта кетейік, Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін UFC 310 турнирінде кездеседі. Шавкат Рахмонов соңғы алты жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған. Соңғы рет ол 2022 жылдың желтоқсанында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ал Белал Мухаммад шілдеде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіп, UFC чемпионы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары