$ 494.87  520.65  4.91

Дзюдодан әскерилер арасындағы әлем чемпионатында қоржынға тағы екі жүлде түсті

Әлем чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Ташкент қаласында дзюдодан әскери қызметшілер арасында әлем чемпионатында қазақстандықтар Екатерина Токарева мен Кәмила Берліқаш қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Екатерина Токарева 78 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға таласта өзбекстандық Муштарийбегим Авзаловадан айласын асырды.

Сондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің тағы бір қызметшісі Кәмила Берліқаш 78 келіден жоғары салмақта қола жүлде үшін бәсекеде франциялық Нокес Манонды ұтты. 

Осыған дейін қазақстандықтардан Нұрқанат Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта чемпион атанса, онымен финалда күрескен Шерзод Давлатов күміс жүлдені қанағат тұтқан еді. Ал Жанарыс Рахметқали (66 кг) мен Бақытжан Абдурахманов (73 кг) қола жүлдеге қол жеткізді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары