Черчесовке 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов "СЭ"-ге берген сұхбатында баспасөз мәслихатында қазақстандық журналиске берген жауабында қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Көпшілік алдында сөйлеген сайын не айтқым келетінін білемін. Әзілімді түсінбесе - дұрыс емес болды деген сөз", - деді Черчесов.
Айта кетейік, Словениямен ойыннан кейін ресейлік маманға журналистердің бірі қазақ тілінде сұрақ қойған еді, ал Черчесов "француз тілінде сөйлеп жатсың ба?" деп жауап қатты.
Кейін Черчесовке 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.