$ 494.87  520.65  4.91

Абиба Абужақынова әлемнің ең үздік бес спортшысының қатарына кірді

Отандасымыз 48 келіде  5528 ұпаймен үздіктер арасында 4-орында тұр. 

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде үздік үштіктен көрінген Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Париж олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысында жеңіске жеткен Абиба Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде әлемнің ең үздік бес спортшысы қатарындағы орнын сақтап қалды.  Отандасымыз 48 келіде  5528 ұпаймен үздіктер арасында 4-орында тұр. Бұл салмақта үздіктер көшін Париж олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, моңғолиялық Бавуудоржийн Баасанхуу 7226 ұпаймен бастап тұр. Екінші орында Италия өкілі Ассунта Скутто 6212 ұпаймен келеді. Ал үздік үштікті Париж олимпиадасының чемпионы Нацуми Цунода 5550 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетейік, бұл салмақта белдесетін тағы бір қазақстандық дзюдошы Ғалия Тынбаева 10 орынға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары