Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина (3615 ұпай) бір сатыға төмендеп, 23-орынға табан тіреді.
Бүкіләлемдік WTA қауымдастығы әйелдер арасындағы жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемнің бірінші ракеткасы атағына белоруссиялық Арина Соболенко (9706 ұпай) ие болып, бұрынғы көшбасшы польшалық Ига Швентекті (9665 ұпай) 2-орынға ығыстырды. Ал рейтингтің 3-сатысына америкалық Кори Гауфф (5963 ұпай) жайғасты. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (5471 ұпай) 5-орынға табан тіресе, ал Юлия Путинцева (1844 ұпай) үш сатыға көтеріліп, 29-орынға жайғасты.
Ал жұптық сайыста чехиялық Катержина Синякова (8975 ұпай) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда жаңазеландиялық Эрин Рутлифф (7415 ұпай) пен (6165 ұпай) украиналық Людмила Киченок тұр. Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина (3615 ұпай) бір сатыға төмендеп, 23-орынға табан тіреді.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ұзақ үзілістен кейін кортқа қайта оралып, жаттығуларын жалғастырып жатқанын жазған едік.