$ 484.19  524.28  5.03

Әмір Маймұратов Испаниядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Ол финалда қытайлық  Лонг Жиангуға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Спорттық жартасқа өрмелеуден Париж олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов Испанияда өткен турнирде үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана Қытайдың Тайань қаласында спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген Әмір Маймұратов кезекті турнирде үздіктер қатарынан көрінді. Отандасымыз Испанияның Мадрид қаласында өткен байрақты бәсекеде финалға шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол финалда қытайлық  Лонг Жиангуға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. 

Айта кетейік, бұл Әмірдің олимпиададан кейінгі үшініші жарысы. Ол үш жарыстың үшеуінде де күміс жүлде жеңіп алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары