$ 492.65  525.71  5.03

«Черчесов шақырмады»: Еуропада доп тебетін қазақ футболшысы ұлттық құрамада ойнағысы келетінін айтты

Мүмкін, келесі жолы сәті түсер. 

Фото: instagram.com/omirtaevoral
Фото: instagram.com/omirtaevoral

Беларусьтің "БАТЭ" командасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнағысы келетіні туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Мен Қазақстан құрамасында ойнағым келеді, бұл әрбір ойыншының арманы. Ұлттық құрамаға шақырту алу – кез келген футболшы үшін үлкен мәртебе. Алдыңғы ойындарға Станислав Черчесов шақырмады, мүмкін, келесі жолы сәті түсер. Маған тек осы бағытта тыңғылықты жұмыс істеу керек", - деді Оралхан Өміртаев.

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев биылғы маусымда футболдан Беларусь жоғары лигасында 22 матч өткізіп, 8 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.

Сонымен қатар, қазақстандық футболшы Беларусь елінің "Слуцк" клубы сапында ойнаған. Ал Қазақстанда ол "Шахтер", "Тобыл", "Ақжайық" және "Атырау" клубтарының намысын қорғаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары