Біз сенімен мақтанамыз, бауырымыз.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров былғары қолғап шебері Артур Бетербиевке кәсіпқой бокстағы жеңісі үшін сыйлық жасады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров боксшы Артур Бетербиевке республиканың құрметті азаматы атағын берді. Сондай-ақ Рамзан Қадыров былғары қолғап шеберіне бокстың дамуына қосқан үлесі үшін автокөліктің кілтін табыстады.
"Дүйсенбінің кешінде Мәскеуден әлемнің ең үздік боксшыларының бірі, жартылай ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы Артур Бетербиевпен бірге ұшып келдім. Артур Бетербиевтің жеңісі мен осындай биік атақты иеленуі Шешенстанның тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйер үшін де үлкен сый болды. Мен Артур Бетербиевке "Шешенстанның құрметті азаматы" атағын беріп, оған автокөліктің кілтін табыс етуге қуаныштымын. Біз сенімен мақтанамыз, бауырымыз", - деп жазды Рамзан Қадыров Telegram желісіндегі ресми арнасында.
Артур Бетербиевтің құрметіне салтанат сарайында арнайы кешкі ас ұйымдастырылып, онда ерекше құттықтаулар мен жылы лебіздер айтылды.
Айта кетейік, 12 қазанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен жекпе-жекте Артур Бетербиев төрешілердің бірыңғай шешімімен (114-114, 115-113, 116-112) Дмитрий Биволды жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.