Осылайша, грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.
Албанияның Тиранда қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде белдескен балуандарымыз да жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде бозкілемге шыққан “классиктердің” барлығы жеңіліске ұшырады. Екінші күні жарыс жолына шыққан 55 келідегі Ербол Камалиев, 63 келідегі Нұрсұлтан Базарбаев, 77 келідегі Темірлан Қаратай мен Бағлан Қуаныш және Асылбек Әбдіхалық (130 кг) алғашқы белдесулерінде жеңіске жеткенімен, екінші айналымда ұтылып қалды. Осылайша, грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған Бейбіт Қорғанов та қарсыласына есе жіберіп, жарысты жүлдесіз аяқтады.