Сетті ұтылғанын түсінгенде ол ашуға бой алдырып, ракеткасын жерге ұрып сындырды.
Әлемнің 32-ракеткасы – қазақстандық теннисші Александр Бублик Базельде (Швейцария) өтіп жатқан АТР-500 турнирінің бірінші айналымында ракеткасын сындырып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
1bol.kz жазуынша, Отандасымыз бірінші айналымда нидерландтық Ботик ван де Зандсхулппен (#67) кездескен болатын. Бублик бірінші сетті 6:3 есебімен ұтқанымен, екінші сетте 4:5 есебімен жеңіліп жатты және шешуші геймде қарсыласының брейк-пойнт жасауына жол берді. Сетті ұтылғанын түсінгенде ол ашуға бой алдырып, ракеткасын жерге ұрып сындырды.
Ал, үшінші кезеңде қазақстандық теннисші 0:4 есебімен жеңіліп жатып, матчты уақытынан бұрын тоқтатты. Ол денсаулығының сыр бергенін айтып, матчты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Бублик үшін Базель турнирі бірінші айналымнан аяқталып отыр.