$ 442.05  474.14  4.74

Нанкин Олимпиадасында Қазақстан туын Абылайхан Жүсіпов алып шығады

16-28 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарында еліміздің туын боксшы Абылайхан Жүсіпов алып шығады, деп хабарлайды 24kz.

Абылайхан Жүсіпов 1997 жылдың 10 қаңтарында Қарағанды облысы Абай ауданында дүниеге келген. Ол 8 жасынан бокспен айналысады. Абай Құнанбайұлы атындағы №5 гимназия мектебінің түлегі. 2013 жылы Қарағанды қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде алтыннан алқа тақса, сол жылы Азия (Шымкент қ.) және әлем чемпионатында (Киев қ.) 57 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Ал 2014 жылы Германияда ұйымдастырылған Бранденбург кубогінде «А» дәрежесі бойынша жеңімпазы атанады. Сонымен қатар Бангкокте жастар арасында өткен Азия біріншілігінде 60 келі салмақта 1-орын иеленіп, «Азияның ең үздік боксшысы» атағын алды. Ал сәуір айында әлем чемпионатында (София қ.) барлық қарсыласынан басым түсіп, ел тарихында әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Абылайхан Жүсіповке «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары