$ 447.4  477.55  4.76

Бүгін хоккейден ел Президент Кубогі турнирі басталады

Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Президенті Кубогі турнирі басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, «Қазақстан» спорт сарайында бүгін хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі» V халықаралық турнирі өтеді. Турнир аясында «Барыс», «Авангард» (Омбы), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Металлург» (Новокузнецк) командалары мұзды алаңда жарысады.

Бүгін бірінші кезеңнің матчтары, ал 10-11 тамызда екінші және үшінші кезеңнің матчтарды өтеді. Тамыздың 12-сі күні турнир жеңімпаздары анықталатын шешуші күн саналады. Допты хоккейден ҚР Президентінің кубогі жыл сайын ұйымдастырылады. Бұған дейін отандық «Барыс» командасы үш мәрте жеңімпаз атанған.

Осы күні Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда футболдан ҚР Чемпионаты аясында алғашқы лигада «Астана-1964» пен «Каспий» ерлер командалары жарысқа түседі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары