$ 498.34  519.72  4.85

Олимпиада жүлдегері Александра Ле нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты

Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Нысана көздеуден аралас жұптық сында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле Шымкент қаласында өтіп жатқан халықтың турнирде ел рекордын тіркеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұлттық құрама мергені 10 метрден винтовкамен оқ атуда 633.5 ұпай жинады. Осы тұста Александра биыл осыған жақын ұпайды Мюнхендегі Әлем Кубогының шешуші кезеңінде жинағанын айта кетейін (632 балл).

Ал осыған дейінгі үздік көрсеткіш Елизавета Безруковаға тиесілі болған (632.7 ұпай). Безрукова бұл нәтижені биыл наурызда Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында көрсеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары