$ 485.11  523.82  5.02

Менің Канеломен жекпе-жекке шыққым келетінін бәрі біледі – Жәнібек Әлімханұлы

Бұған дейін де Әлімханұлы Канелоға қарсы кездесу өткізу ойы бар екенін бірнеше рет айтқан болатын. Тіпті, "Канелоны бір раундта үш рет нокдаунға түсіремін" деп те мәлімдеген.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізуді қалайтынан айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін де Әлімханұлы Канелоға қарсы кездесу өткізу ойы бар екенін бірнеше рет айтқан болатын. Тіпті, "Канелоны бір раундта үш рет нокдаунға түсіремін" деп те мәлімдеген.

Бүгін ол Х әлеуметтік желісінде тағы да мексикалық боксшыға үндеу жолдап, былай деп жазды:

Менің Канеломен жекпе-жекке шыққым келетінін бәрі біледі, бірақ ол менімен жекпе-жекке шықпайды және мұны бәрі біледі – деді Жәнібек Әлімханұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары