$ 485.11  523.82  5.02

Әли Ахмедов Головкиннің бұрынғы бапкерімен жаттықпайтын болды

29 жастағы боксшы қазір Лос-Анджелес маңындағы Ten Goose Boxing Gym залында жаттығып жүр.

Фото: boxingscene.com
Фото: boxingscene.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (22-1, 16 КО) жаттықтырушысын алмастырды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әли Ахмедов бұған дейін 2019-2022 жылдар аралығында Геннадий Головкинді жаттықтырған Джонатан Бэнкспен жекпе-жектерге дайындалатын. 

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 20 қыркүйек күні Дублинде (Ирландия) өткізді. Төрешілер шешімі бойынша француз Пьер Юбер Дибомбені (22-2-1, 12 КО) жеңіп шыққан болатын. 

29 жастағы боксшы қазір Лос-Анджелес маңындағы Ten Goose Boxing Gym залында жаттығып жүр. Онда ол Рикки Фунес есімді маманмен дайындық жұмысын бастаған. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары