$ 485.11  523.82  5.02

Қатарынан екі матч жеңілген «Ордабасы» ойыншылары жанкүйерлермен ерегесті (ВИДЕО)

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 24-туры аясында шымкенттік "Ордабасы" клубы өз алаңында елордалық "Жеңіс" командасын қабылдады.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

"Ордабасы" футбол клубы өз алаңында астаналық "Жеңіс" клубынан жеңіліс тапқаннан кейін шымкенттік жанкүйерлермен сөзге келіп қалды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Футболдан Қазақстан премьер лигасының 24-туры аясында шымкенттік "Ордабасы" клубы өз алаңында елордалық "Жеңіс" командасын қабылдады. Нәтижесінде бұл матчта шымкенттік клуб 1:2 есебімен жеңіліс тапқан болатын.

Осы жеңілістен кейін "Ордабасы" футбол клубының капитаны Асхат Тағыберген мен команда ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев шымкенттік жанкүйерлермен сөзге келіп қалды. Чемпиондыққа басты үміткер саналатын клубтың бұл жеңілісіне көңілі толмаған жанкүйерлер наразылығын білдірді.

Айта кетейік, шымкенттік "Ордабасы" клубы былтырғы ел біріншілігінің чемпионы атанаған болатын. Биыл да турнир кестесінде көш басында келе жатқан шымкенттік клуб қатарынан 2 матч жеңіліс тауып, бірден 3-орынға түсіп қалды.

Ал Қазақстан премьер лигасының көш басында 41 ұпаймен "Қайрат" тұрса, 2-орында "Астана" (40 ұпай) командасы келеді. Сондай-ақ "Астана" футбол клубының бір ойыны кем. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары