Жартылай финалға Өзбекстаннан 13 боксшы, Қытайдан 10 боксшы жолдама алды.
Бокстан Будвада (Черногория) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық 17 боксшы жартылай финалға шықты. Бұл қазақ боксындағы тарихи нәтиже, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы msports.kz сайтына сілтеме жасап.
Ширек финалда 18 боксшы жұдырықтасты. Оның 17-і жартылай финалға жолдама алды. Бұл қазақ боксы тарихындағы рекорд. Осылайша Қазақстан құрамасы қоржынына кем дегенде 17 медаль түсіп тұр.
Жартылай финалға Өзбекстаннан 13 боксшы, Қытайдан 10 боксшы жолдама алды.
1/2 финалға шыққан ерлер құрамасы:
- 48 келі: Диас Берікбай - 51 келі: Бексұлтан Боранбек - 57 келі: Жансері Көшербаев - 67 келі: Төрехан Сабырхан - 71 келі: Өнер Сейілхан - 75 келі: Санжарәлі Бегалиев - 92 келі: Расул Асанханов +92 келі: Аслан Елдібайұлы
1/2 финалға шыққан әйелдер құрамасы:
- 48 келі: Әнел Әбдірасылова - 50 келі: Елянур Тұрғанова - 52 келі: Багжан Отынбай - 60 келі: Толғанай Қасымхан - 63 келі: Аружан Жаңабаева - 66 келі: Ұлдана Таубай - 75 келі: Шұғыла Налібай - 81 келі: Аружан Зейноллаева +81 келі: Панар Сейтханқызы
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшыға IBA 8 000 АҚШ доллары (3,9 млн теңге) көлемінде сыйақы береді. Күміс жүлдегер – 4 000 доллар (1,9 млн теңге), қола жүлде иесі 2 000 доллар (970 мың) алады. Сондай-ақ ширек финалға дейін жеткендер де 1 000 доллардан (490 мың) иеленетін болады.