$ 488.45  529.19  5.04

«Кешірім сұрауы керек»: Жансая Әбдімәлік Қазақстан шахмат федерациясына үндеу жасады (ВИДЕО)

Мына кісінің өз елінің чемпиондарын, гроссмейстерлерін білмеуі өте өкінішті!

Фото: chessacademy.kz
Фото: chessacademy.kz

Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік федерация өкілдері оның жетістіктерін ұмытып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

24 жастағы гроссмейстер шахмат федерациясы өкілінің Шымкенттегі Гран-при турнирінде шындыққа жанаспайтын ақпарат айтқанын мәлімдеді. Жансая Әбдімәліктің айтуынша, Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетова оның осындай деңгейдегі турнирді жеңген алғашқы қазақстандық шахматшы екенін ескермеген.

"Бүгін турнирдің ашылу рәсіміндегі видеоны көзім шалып қалды, онда жүргізуші Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетоваға қазақстандық спортшылардың әйелдер Гран-при кезеңін жеңіп алған-алмағанын сұрап жатыр екен. Бұл сұраққа Гүлмира: "Әзірге бізде мұндай жетістік болған жоқ", - деп жауап берді. Естеріңізге қайтадан сала кетейін!" - деп Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазып, 2021 жылы Гибралтарда өткен Гран-при турнирінде марапатталған видеосын қоса жариялады.

Сондай-ақ бұл видеоға пікір жазып, өз ойын білдірген желі қолданушылары да жетерлік.

"Ұят болды", "Міне, басшыларымыз ақпараттан мүлдем хабарсыз", "Неткен сұмдық", "Мына кісінің өз елінің чемпиондарын, гроссмейстерлерін білмеуі өте өкінішті", "Өз салаңдағы елеулі жетістіктерді білуі қажет қой", "Жансая, біз сенімен мақтанамыз", "Олар білмесе де, халқың біледі".

Айта кетейік, Шымкентте өтіп жатқан ФИДЕ Гран-при турнирінде әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева да бақ сынауда. 2024 жылдың тамызында ол Тбилисиде (Грузия) өткен ФИДЕ Гран-приінде күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары