Жақын арада көріскенше.
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мансабын Индонезияның "Yogya Falcons" командасында жалғастыратын болды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Волейболшы алдағы маусымда Индонезияның Пролигасында ойнайды. Бұл жайында спортшының өзі айта кетті.
"Құрметті менің оқырмандарым, мен Пролига 2025-те ойнау үшін Yogya Falcons волейбол клубымен келісімшартқа отырғанымды хабарлап, қуанышты жаңалығыммен бөліскім келіп отыр. Командаластарыммен және барлық индонезиялық волейбол жанкүйерлерімен кездесуді асыға күтудемін. Жақын арада көріскенше, - деп жазды спортшы.