Бірақ UFC басшылығы бұған қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.
Қазақстандық аралас жекпе-жек Шавкат Рахмонов (18-0) пен жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) арасындағы кездесу өтпейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Vesti.kz басылымына ақпаратты спортшының өкілі растаған. Сөйтіп 310 турнирінің басты жекпе-жегі саналған Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммед арасындағы чемпиондық шайқас өтпейтін болды. Бірақ UFC басшылығы бұған қатысты ресми ақпарат таратқан жоқ.
Айта кетейік, кездесу 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланған болатын.
Рахмонов соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.
Мухаммад осы жылдың шілде айында Англияның Манчестер қаласында өткен UFC 304 турнирінде британиялық Леон Эдвардсты төрешілер шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанды.