$ 492.65  525.71  5.03

«Кешірім сұраймын»: Шавкат Рахмоновтың жоспарланған жекпе-жегі не үшін өтпей қалғаны белгілі болды

Шавкатқа басқа қарсылас қарастырып жатқанын атап өтті. 

Фото: instagram.com/shavkatrahmonov94
Фото: instagram.com/shavkatrahmonov94

Орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммад (24-3) жарақатына байланысты қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жек өткізбейтіні туралы ақпар тарап, оның себебі де белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Америкалық спортшы Instagram-дағы парақшасында 6 апта шаршы алаңға шығыға алмайтынын жариялады. 

– Менің аяғымнан сүйек инфекциясы пайда болды. Келесі 6 апта бойы физикалық белсенділіксіз білегімнен антибиотиктер салуға тура келді. Алланың жоспары - ең жақсы жоспар. Мені көру үшін келгендердің барлығынан кешірім сұраймын. Жақында ораламын, иншАлла, - деп жазды ол. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, италиялық журналист Al Zullino әлеуметтік желіде бірнеше дереккөз Белал Мухаммадтың қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы титулдық жекпе-жекке шыға алмайтынын растағанын, сондай-ақ Шавкатқа басқа қарсылас қарастырып жатқанын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары