$ 510.08  539.61  5.15

«100% қалпына келгенде жолығамыз»: Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадке қатысты пікір білдірді

Ол жартылай орта салмақтағы UFC чемпионына қатысты Х желісінде жазба жариялады.

Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жегі өтпейтіні туралы жағдайдан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол жартылай орта салмақтағы UFC чемпионына қатысты Х желісінде жазба жариялады.

«Беллаға тезірек сауығып кетуін тілеймін. Сіз 100% қалпына келген кезде кездесеміз. Әзірге мен #UFC310 уақытша титулына кез келген үміткермен күресуге дайынмын», - деп жазды Рахмонов.

Бұған дейін Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов маңызды жекпе-жек үшін желтоқсан айының 7-і күні айқасуы тиіс болған. Бұл сын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирі ретінде қарастырылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары