$ 494.87  520.65  4.91

Черчесовтың 48,5 млн теңге жалақы алатыны рас па? Федерация мәлімдеме жасады

Жаттықтырушының айлығы бюджет қаржысынан төленбейді.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

БАҚ беттерінде Ресейден келген Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде айына 48,5 млн теңге жалақы алатыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпараттарға сәйкес, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде жылына 582 млн теңге, айында 48,5 млн теңге жалақы алады. Бұл қаражатты әр күнге шаққанда 1.59 млн, сағатына 66 438 теңге шығады. 

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. 

“Хабарламада бас бапкер Станислав Черчесовтың жалақысы айтарлықтай көп етіп көрсеткен және ол шындыққа жанаспайды. Келісімшарт талаптарының құпия болғандықтан бас бапкердің айлығы жария етілмейді. Бұл келісімшарт бюджет қаражатынан қаржыландырылмайды. Айта кетейік, Федерациядағы барлық жұмыс УЕФА мен ФИФА, сондай-ақ демеушілер есебінен жүзеге асырылып жатыр”, – деп мәлімдеді Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің басшысы Гүлмира Шутанова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары