Ол жартылай орта салмақтағы UFC чемпионына қатысты Х желісінде жазба жариялады.
Аралас жекпе-жектен қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жекпе-жегі өтпейтіні туралы жағдайдан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол жартылай орта салмақтағы UFC чемпионына қатысты Х желісінде жазба жариялады.
«Беллаға тезірек сауығып кетуін тілеймін. Сіз 100% қалпына келген кезде кездесеміз. Әзірге мен #UFC310 уақытша титулына кез келген үміткермен күресуге дайынмын», - деп жазды Рахмонов.
Бұған дейін Белал Мухаммад пен Шавкат Рахмонов маңызды жекпе-жек үшін желтоқсан айының 7-і күні айқасуы тиіс болған. Бұл сын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 310 турнирі ретінде қарастырылған еді.