$ 494.87  520.65  4.91

Тарихи нәтиже! Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында 17 медаль алды

Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола.

Фото: Instagram/boxingkazakhstan
Фото: Instagram/boxingkazakhstan

2 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды. Біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола.

Алтын медаль алғандар:

Боранбек Бексұлтан (51 келі)

Төрехан Сабырхан (67 келі)

Өнер Сейілхан (71 келі)

Санжар-Али Бегалиев (75 келі)

Елянур Турганова (50 келі)

Аружан Зейноллаева (81 келі)

Бұл – құрама тарихындағы ерекше жетістік! 

Жалпы есеп:

1. Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола

2. Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола

3. Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола

4. Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қола

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары