04.11.2024, 17:20

Бибісара Асаубаева Гран-при турнирінде көш бастап келеді

Фото: bibisarachess инстаграм парақшасынан

Бибісара 5-турда тәжірибелі үндістандық шахматшы Хампи Конеруді жеңді.

Шымкентте 2024/25 маусымының әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Бес турдың нәтижесінде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева турнир кестесінің 2-орнында келеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бибісара 5-турда тәжірибелі үндістандық шахматшы Хампи Конеруді жеңді. Бұл Бибісара Асаубаева үшін аталмыш турнирдегі екінші жеңісі болды, бұған дейін ол болгариялық Нургюл Салимовадан да айласын асырған еді.

Сондай-ақ Бибісара ресейлік Александра Горячкинамен, грекиялық Ставрула Цолакидумен және германиялық Элизабет Петцпен кездесіп, тең түскен болатын.

Қазіргі уақытта Бибісара Асаубаева 5 турдан кейін 3,5 ұпай жинап, турнир кестесінің 2-сатысына жайғасқан. Оны 4 ұпаймен ресейлік гроссмейстер Александра Горячкина басып озып тұр, ал үшінші орынды 3 ұпаймен Хампи Конеру иеленген. 6-турда Бибісара Асаубаева тәжірибелі ресейлік шахматшы Екатерина Лагномен кездеседі.

Айта кетейік, қазіргі таңда шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева жалпы FIDE Гран-приінің кестесінде 2-орында келеді. Гран-при турнирінің алғашқы кезеңі жақында Грузияның Тбилиси қаласында өткен еді.