Кеше Уэльс астанасы Кардифф қаласында УЕФА Суперкубогі үшін мадридтік «Реал» мен «Севилья» командалары өзара тартысқа түсті. Ойын қорытындысы 2:0 есебімен мадридтік клубтың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Жыл сайын маусымашар рәсімі ретінде өткізіліп тұратын суперкубоктің биылғы матчында бір елдің екі командасы кездесіп отыр.
Ойын барысында «Реал» сапындағы үздік ойыншы Криштиану екі мәрте көзге түсіп, керемет голдар сала білді. Ойынның бірінші бөлігінде Гаррет Бэйлдан пас алған Роналду 30-минутта есеп ашса, екінші голын екінші тайм басталған сәтте соқты. Командаласы Кәрім бенземадан оңтайлы пас алған Криштиану 49 минутта ойындағы екінші голын салды.
Осылайша, «Реал Мадрид» биылғы УЕФА суперкубогінің иегері болып отыр. Ал, былтыр бұл атақты мюнхендік «Бавария» ұтқан еді. Ол лондондық «Челси» командасымен ойнап, негізгі уаөқытта тең түсіп, ойын соңындағы пенальтиде 5:4 есебімен басым түскен болатын.