Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды.
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Әділет Барменқұлов қызметінен кететінін айтқан.
Әділет Барменқұлов ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын. Оның тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға жақын қалды. Алайда шешуші сәтте Магомед Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.