Қазақстан футбол федерациясы мен Станислав Черчесов арасындағы келісімшартта екі тарап шартты орындамаған жағдайға арналған тармақ бар.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен қуылса, қомақты сомада өтемақы алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Legalbet.kz мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы мен Станислав Черчесов арасындағы келісімшартта екі тарап шартты орындамаған жағдайға арналған тармақ бар. Егер бапкерді басқа команда шақырғысы келсе, онда ол үшін (немесе Черчесовтің өзі) федерацияға 1 миллион еуро төлеуі керек.
Ал ҚФФ басшылығы Станислав Черчесовті жұмыстан шығаратын болса, өтемақы ретінде 1 миллион еуро беруге тиіс. Бұл қаржы теңгеге шаққанда 530,85 миллион теңге. Айта кетейік, Станислав Черчесов биыл маусымда футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол ҚФФ-мен 2026 жылғы әлем чемпионаты аяталғанға дейін келісімшартқа отырған.
Кеше, 8 қарашада Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті. Ол федерацияны 2022 жылдың ақпанынан бері басқарған еді. Жаңа басшы ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады. Оның уақыты жақын арада хабарланбақ.