$ 492.17  522.39  5

Қазақстандық жас дойбышы абсолютті әлем чемпионы атанды

Жасөспірімдермен қатар ардагерлер арасында 64 шаршыдағы дойбыдан әлем чемпионаты да өтті. 

Фото: Қазақстан дойбы федерациясы
Фото: Қазақстан дойбы федерациясы

Түркияның Алания қаласында жасөспірімдер арасында жас ерекшелік топтары бойынша 64 шаршыдағы дойбыдан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.  

Қазақстан дойбы федерациясынан мәлім еткеніндей, бұған дейін блиц пен рапидтен алдына жан салмаған БҚО өкілі Алтынай Саматова соңғы классикалық бағдарламада өзінің үшінші алтынын жеңіп алып, 11 жасқа дейінгі санатта абсолютті әлем чемпионы атанды.

Сондай-ақ классикадан студенттер арасында тағы бір батысқазақстандық Әнел Дәулетова күміс жүлдені жеңіп алды.

Жасөспірімдермен қатар ардагерлер арасында 64 шаршыдағы дойбыдан әлем чемпионаты да өтті. 50 жастан асқан ардагерлер арасында Түркістан облысының өкілі Бауыржан Бердібаев классика бойынша қола медальға ие болды.

Әйелдер арасында классикадан 50 жастан асқандар арасынан қарағандылық Манара Әбеубекова екінші орыннан көрінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары