Бос айқай! Ешқандай нақты ниет, еш әрекет жоқ.
UFC-дің бұрынғы чемпионы Колби Ковингтон Шавқат Рахмоновты тағы сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Колби Ковингтон Instagram-дағы парақшасында қазақстандық танымал спортшы Шавқат Рахмоновты "лас егеуқұйрыққа" теңеді.
Ол UFC президенті Дана Уайт пен вице-президент Хантер Кэмпбеллге хабарласып, жекпе-жек ұйымдастыруға ұсыныс тастайтын да айтты.
"Маған Рубинштейннің осы үлкен лас егеуқұйрық туралы твитін жаңа ғана көрсетті. Тыңда, балақай, өзіңе қажет нәрсені кез келген диалектіге аудартып ал да, оны басыңа киіп ал. Флоридадағы осы әдемі гольф алаңынан шыққаннан кейін Хантер мен Данаға қоңырау шаламын. Сонда кімнің шын мәнінде тек қаралым үшін айқайлайтынын бәріміз көреміз, есуас", - деді Колби Ковингтон.
Сонымен қатар бұл видеоның астына Шавкат Рахмонов та пікір қалдырып, кездесуге дайын екенін айтты.
"Кеттік, мен дайынмын. Сенің былапыт сөздерің саған октагонда көмектеспейді", - деп жауап қайтарды Шавкат Рахмонов.
Оның айтуынша, мұның алдында Шавкат Рахмонов Х желісіндегі ресми парақшасында бәрі тек бос айқай салып жатқанын, ешкім нақты ұсыныс жасамаған.
"Бар еститінім – бос айқай! Ешқандай нақты ниет, еш әрекет жоқ. Тек медиа мен жанкүйерлерге арналған жасанды көрініс", - деп жазды Шавкат Рахмонов.