14.11.2024, 12:00

Қазақстан – Аустрия: бүгін ұлттық құрама Алматыда ойын өткізеді

Фото: Спорт Экспресс

Ойын сағат 20:00-де басталады.

Бүгін, 14 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгін, 14 қарашада футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Аустрияға қарсы кездесу өткізеді. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Қазақстан мен Аустрия құрамалары арасындағы матчтың тікелей көрсетілімін "Qazsport" телеарнасынан көре аласыздар.

Ойын сағат 20:00-де басталады. Бұл топта Норвегия, Аустрия, Словения құрамалары 7 ұпайдан жинаған. Ал 1 ұпай еншілеген Қазақстан құрамасы бұл топтың соңғы орнына табан тіреген. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биылғы Ұлттар лигасы маусымындағы алғашқы ойында Норвегиямен кездесіп, тең түскен болатын (0:0).

Ал аталмыш турнирдің 2-турында Словения құрамасына қарсы сырт алаңда өткен ойында Қазақстан құрамасы жеңіліс тапты (0:3). Турнирдің 3-турында Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Аустриядан ойсырай жеңілсе (0:4), 4-турда Словенияға есе жіберіп қойды (0:1).