14.11.2024, 23:30

УЕФА Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасы Аустриядан жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Фото: ҚФФ

Аустриялық спортшылар мәселенің барлығын бірінші таймда шешіп тастады.

Футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Аустрия құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасының В дивизионында бесінші ойнын өз алаңында Аустриямен өткізіп, тағы да ұтылды. Алматыдағы “Орталық стадионда" өткен матчта Қазақстан құрамасының қақпасына жауапсыз 2 гол соғылды. Аустриялық спортшылар мәселенің барлығын бірінші таймда шешіп тастады. Осылайша ресейлік маман Станислав Черчесов Ұлттық құраманың тізгінін ұстағалы Қазақстан төртінші ойын қатарынан жеңіліске ұшырап, әлі бірде-бір ойында жеңіске жеткен жоқ.

Айта кетейік, енді біздің ұлттық құрама 17 қарашада Норвегияға қарсы ойнайды. Қазақстан қазір өз тобында жалғыз ұпаймен соңғы орынға қалды.