Біз тоқтамаймыз, 2 белбеу қолда, екеуі жолда.
Жақында ғана жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласын көкала қойдай етіп сабаған Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға қатысты желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Екі тұжырым бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өз салмағындағы чемпиондарға арнап кезекті рет желіде жазба қалдырды.
“Оларды спаррингте қатты ұрмау керек еді. Қарсыластардың қорыққаны жақсы ғой, бірақ қашқаны біраз жоспарды құртып жіберді. Бұл оқиғалардың бәрі “Қазақ стилінің” тарихындағы елеулі сәттер. Біз тоқтамаймыз, 2 белбеу қолда, екеуі жолда. Жорық жалғаса береді” – деді Жәнібек.
Айта кетейік, Жәнібек Аустралияның Сидней қаласында өткен жекпе-жекте Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) 9 раундта қарсыласын сұлатып салған еді.