Менімен күш сынасуға «Канелоның» ғана батылы жететін сияқты.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Менімен күш сынасуға «Канелоның» ғана батылы жететін сияқты. «Канело», ақпанда жұдырықтасайық. Менің дивизионымдағы чемпиондар жекпе-жекке шығуға қорқады. Әлемге жақсы боксты көрсетейікші», — деп жазды Әлімханұлы.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының британиялық Хамза Ширазбен жекпе-жегі өтпейтін болды. Кейінірек қазақстандық боксшы бүкіләлемдік бокс ұйымынан (WBO) Хамза Шираздың орнына лайықты қарсылас табуды талап етті. Әлімханұлы WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамеспен (24-1, 18 KO) жекпе-жек өткізуге дайын екенін де мәлімдеген болатын.